Ақтөбеліктер Азия чемпионатында топ жарды
Қанат Сисенов-жеке кәсіпкер. Ел ағасының кәсіпқой спортқа келгеніне небары 1 жыл. Әйтсе де, бала күнгі арманы жетелеп, бүгін жеңістің дәмін татты. Ол Азия чемпионатының жекелей сайыстағы қола жүлдегері, командалық сында алтын медаль иегері. Спортпен айналысуға жас кедергі емес. Балаға да, кәріге де қолжетімді. Ең бастысы ынта мен дисциплина керек, деп есептейді ардагер чемпион.Сондай-ақ, каратэның қыр-сырын тез арада меңгеуіне ұстазы Әшім Қалидың еңбегі зор, екенін атап өтуде. Спорттың бұл түріне қызығушылар қатары артып келеді. Каратэмен шұғылданып, жақсы нәтиже көрсетіп жүрген жасөспірімдердің бірі Даяна Үргенішбаева. Ол ел қоржынына қола сыйлады. Әбдуали Оңдасын да осал емес. Каратэнің wkc бағытымен шұғылданып жүр. Спорт десе ішкен асын жерге қоятын балғын үшін бұл сайыс оңайқа соққан жоқ. Қарсыластары мықты болыпты. Әйтсе де намысты қолдан бермей, соңына дейін сайысқан балғын қола жүлдені місе тұтты. Енді жерлестеріміз келер жылы Үндістанда өтетін Әлем чемпионатына қатысуға ниетті. Осы бағытта жұмыстар басталып та кетті. Оған да тынымсыз дайындық, ынта керек, дейді бапкер.Жарыста 20 адамның 10-ы жүлделі болды. 6 ардагер 2 алтын, 2 күміс пен 2 қола медальды еншіледі. Жасөспірімдер арасында 1 алтын, 3 қола медаль жеңген балғындар бар. Айта кетсек, жас каратэшілер былтыр Өзбекстан республикасы Ташкент қаласында өткен Әлем чемпионатында жүлделі орындармен оралған болатын.Количество показов: 17
Дата создания: 16.05.2025 04:03:56