Ақтөбеліктер аудандарға ұшақпен қатынайтын болады
Аудан орталықтары мен облыс орталығы арасында әуе қатынасын дамыту жоспарланып отыр. Жаңа жоба жүзеге асса, тұрғындар қаладан аудандарға небәрі 40-90 минутта жетуге мүмкіндік алады. Қазіргі таңда кейбір аудандарға жол жүру уақыты 8-10 сағатты құрайды. "Атамекен" ҰК палатасының өкілдері ұсынған жоба аясында 19 жолаушыға арналған шағын сыйымдылықтағы әуе кемелері пайдаланылып, жергілікті әуе желілерінің бірыңғай операторларын құру көзделген. Алғашқы кезеңде Ақтөбе-Шалқар, Ырғыз және Бозой бағыттарын іске қосу жоспарланып отыр. Жаңа әуе бағыттары тек жолаушылар тасымалы үшін ғана емес, санитарлық авиация, жүк жеткізу, ауыл шаруышылығы салаларында қолданылатын болады. Облыс әкімінің айтуынша, бұл өңірдегі көлік қолжетімділігін арттырырып, медицицналық көмекті қолайлы етуге, туризмді дамытуға көмектеседі. Жол картасы кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Биыл жобаның тұжырымдамасы мен бизнес-жоспары әзірленеді, пилоттық бағыттар іске қосылып, аэродром инфрақұрылымы дамытылады. Кейін маршруттар желісі кеңейтілетін болады. Отырыс барысында сондай-ақ аудандардағы қону алаңдарын стандарттау, тарифтік саясатты қалыптастыру және алдағы 5–10 жылда шағын авиация паркін кеңейту мәселелері талқыланды.Количество показов: 11
Дата создания: 18.03.2026 06:13:41



















