Ақтөбеліктер қала күнін кең көлемде атап өтті
Өткен сенбіде Тұңғыш Президент саябағында ұйымдастырылған мерекелік кешке шаһар тұрғындары жаппай келді. Кеш өңірдің мәдениет ұжымдары ұйымдастырған бағдарламамен басталып, әрі қарай отандық эстрада әншілерінің концертімен жалғасты. Алаңға жиналған ақтөбеліктер ізгі тілектерін білдіріп, ән айтып, би билеп, көңіл көтерді. Сондай-ақ, аудандардың мәдениет үйлері ұйымдастырған "Ақтөбе-алтын бесігім" атты мерекелік шаралар 14 алаңда өтті. Мәселен, Қарғалы аудандық мәдениет үйінің 60-қа жуық өнерпазы ескі қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Сондай-ақ, Хромтау ауданының мәдениет қызметкерлері ұйымдастырған концерт Әуе қалашығы ауданында, Байғанин ауданының мерекелік бағдарламасы Батыс-2 ауданында, Әйтеке би ауданының мерекелік шарасы Жаңақоныс елді мекенінде, Ойыл ауданының ән шашуы Нұр-Ақтөбе ауданында ұйымдастырылды. Кең көлемде атап өтілген мерекелік кеш түнгі сағат 12-де демеушілер тарту еткен әдемі отшашумен аяқталды.
Количество показов: 954
Дата создания: 30.05.2022 18:16:42



















