Ақтөбеліктің ауласында қауіпті электр бағанасы тұр
Заречный ауылындағы Геолог5 саяжай ұжымындағы бұл үйдің ауласында 10 мың вольт қуаты бар тоқ бағанасы тартылған. Үйге жарық басқа желіден келеді. Ал, мына желінің иесін табу үшін Рүстем Бажбенов біраз мекеменің табалдырығын тоздырыпты. Он жылдан астам уақыт желі иесі табылмаған. Егер 10 мың вольттық желіде ақау орын алса мына жердегі үй-күйімізбен өртеніп кетуіміз мүмкін, дейді үй иесі. Ескі электр бағанасының өзі де тозығы жеткен. Бірақ бұл жерден өтетін тоқтың қуаты өте жоғары. Он жыл бұрын жеке тұрғын үй болып саналатын бұрынғы саяжай иелері енді бірігіп, электр ұсынушы мекемені сотқа береміз деп отыр.Количество показов: 16
Дата создания: 31.07.2025 09:08:32