Ақтөбелік жастардың волонтерлік қызметке деген қызығушылығы төмендеген
Ерікті болып - қоғам игілігіне үлес қос. Қазанғап атындағы балалар өнер мектебінде ұйымдастырылған тренингте волонтерлік қозғалысты кеңінен насихаттау туралы сөз қозғалды. Іс-шара барысында оқушылар түрлі ойындарға қатысып, өзара пікір алмасты. Ұйымдастырушылар мұндай кездесулер жастардың белсенділігін арттырып, қоршаған ортаға бейжай қарамауға тәрбиелейді дейді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қазіргі таңда жастардың волонтерлік қызметке деген қызығушылығы төмендеген. Сондықтан еріктілер ұйымдары жастар арасында түсіндіру жұмыстарын қолға алыпты. Жастарды қоғамдық жұмыстарға баулуға бағытталған шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылуда. Осындай бастамалар алдағы уақытта да жалғасын таппақ. Облыстағы еріктілер ұйымдары жастардың бойында қайырымдылық пен жауапкершілік қасиеттерін қалыптастырып, қоғам игілігі үшін еңбек етуге ынталандыруды көздейді. Осы мақсатта ұйымдар орта мектептерде де шаралар өткізуді қолға алмақ.Количество показов: 9
Дата создания: 14.10.2026 09:23:52



















