Ақтөбелік спортшы Дәулет Хайролланың өліміне қатысты сот отырысы басталды
Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта каратэдан Қазақстан кубогінің 3 дүркін чемпионы Дәулет Хайролланың өліміне қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі. Күдікті Сәдуовке ҚР Қылмыстық кодексінің «Қаруды заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру», «Қылмысқа дайындалу және қылмыс жасауға оқталу», «Адам өлтіру», «Бұзақылық ниетпен екі немесе одан да көп адамды өлтіру» баптары бойынша айып тағылған. Қылмыс 4 ақпанда жасалды. Сәдуов мас күйде өзімен жанжалдасқан екі жігітке қарудан оқ атқан. Бірі оқтан сытылып кетсе, екіншісі мерт болды. Марқұм Дәулет Хайролланың туған-туыстары сот алдына жиналып, ұлдарының өліміне бір емес, бірнеше адамның жауапты екенін айтты. Олар істің жан-жақты қайта тергелгенін, кінәлілердің барлығы жауапқа тартылғанын қалайды. Количество показов: 828
Дата создания: 02.06.2021 18:57:34



















