Ақтөбелік шаруалар 2 тоннаға жуық етті тегін таратты
Қаламызда Құрбан айт мерекесінде ерекше қажеттілігі бар жандарға арналған қайырымдылық акциясы өтті. «Ақтөбе фермерлік орталығының» ұйымдастыруымен есту, көру және тірек-қимыл аппараты зақымданған азаматтарға ет үлестірілді. Жалпы салмағы екі тоннаға жуық ет 102 қорапқа салынған. Орталықтың құрамындағы 500-ден астам шаруа бірден қайырымдылық іс-шарасына қатысуға ниет білдірген. Ұйымдастырушылар мұсылмандардың ұлық мерекесінде әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтарға көмек көрсетуді көздеген. Бүгін тегін таратылған әр қораптың ішінде 10 келі ет бар. Бұл тек шаһар тұрғындарына таратылғандары. Ал. мұндай қайырымдылық акциялары облыстың бірнеше ауданында қатар өткізілген. Мүмкіндігі шектеулі жандар мұндай қайырымдылық іс-шараларының жиі ұйымдастырылатынын айтады. Азық-түлік те беріледі екен. Жарымжан жандар жомарт азаматтарға алғыс айтып, мұндай игі бастамалардың қоғам үшін маңызы зор екенін жеткізді.Количество показов: 11
Дата создания: 30.05.2026 05:51:51



















