Ақтөбелік өрендер Президент шыршасына қатысты
Шаһарда бүгін балаларға арналған дәстүрлі жаңажылдық мереке - Президенттік шырша өтті. Мерекелік бағдарламаға облыс орталығы мен аудандардан 200-ге жуық бала қатысты. Жаңа жылдық балалар мерекесіне аймақ басшысы Асхат Шахаров қатысып, жас өрендерді құттықтады. Кішкентай қонақтар үшін театрландырылған қойылым, ойындар, байқаулар мен ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен өтетін интерактивті бағдарламалар әзірленіп, нағыз жаңа жылдық сиқырлы көңіл-күй сыйланды. Шаһардағы Жекпе-жек сарайы бүгін ертегілер әлеміне айналды. Жарқ-жұрқ еткен шамдар мен түрлі-түсті безендірулер көздің жауын алады. Ең кереметі - ортадағы балалар қуанышының символына айналған басты шырша. Келген қонақтар қуанышты. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан балаларға арналған дәстүрлі жаңа жылдық мерекелік кешке аймақтың 200-ге жуық баласы қатысты. Өңірдің қала және аудандарынан келген 9-13 жас аралығындағы өрендері. Қатарында көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүмкіндігі шектеулі, төтенше жағдайлардан зардап шеккен, сондай-ақ дарынды оқушылар бар. Кішкентай қонақтардың ортасына аймақ басшысы Асхат Шахаров келіп, сыйлықтарын табыстады. Жас өрендер үшін театрландырылған қойылым қойылып, Аяз ата мен Ақшақарды алып би биледі. Түрлі ойындар, байқаулар мен ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен өтетін интерактивті бағдарламалар әзірленген. Жаңа жыл ертегісіне толы бас шыршадан кейін қатысушыларға мерекелік ас берілді. Мерекелік шара аймақта кеше басталды. Алғашқы күні аудандардан келген оқушылар облыстық мамандандырылған физика-математика лицей-интернатына орналасқан. Ол жақта да түрлі шаралар ұйымдастырылды. Ал, бүгін түсен кейін қонақтар Келешек мекетептеріне саяхаттайды. Заманға сай работотехника, СТЕМ кабинеттерінде зияткерлік ойындарға қатысады.Количество показов: 6
Дата создания: 26.12.2025 09:31:28



















