Ақтөбелік параспортшылар республикалық чемпионатта 33 медаль жеңіл алды
Ақтөбелік параспортшылар Алматыда өткен республикалық чемпионатта жоғары нәтиже көрсетті. Жеңіл атлетикадан өткен бәсекеде өңір намысын 16 спортшы қорғап, барлығы жүлдемен оралды. Жерлестеріміз жалпы 33 медаль жеңіп алды. Бүгін чемпионат жеңімпаздары мен жүлдегерлері қалада арнайы кездесуде бас қосты.Алматыда өткен республикалық чемпионаттан жерлестеріміз жеңіспен оралды. 14-21 тамыз аралығында өткен жарыста еліміздің түкпір-түкпірінен келген параспортшылар жеңіл атлетиканың бірнеше бағыты бойынша бақ сынады. Облыс құрамасы да жарыста жоғары нәтиже көрсетті. Өңір намысын тірек-қимыл аппараты бұзылған 10 спортшы және көру қабілеті бұзылған 6 спортшы қорғады. Тірек-қимыл аппараты бұзылған спортшылар 6 алтын, 7 күміс және 7 қола медаль иеленді. Ал көру қабілеті бұзылған спортшылар 5 алтын, 7 күміс және 1 қола жүлдеге қол жеткізді. Осылайша облыстың параспортшылары чемпионат қорытындысы бойынша 13 алтын, 14 күміс және 8 қола медаль жеңіп алды. Бүгін "Dariya" орталығында өткен кездесуде чемпиондар мен жүлдегерлердің жетістіктері атап өтіліп, спортшылар өздерінің жарыстағы әсерлерімен бөлісті. Ақтөбелік параспортшылардың бұл нәтижесі өңір спорты үшін айтулы жетістік. Мамандар оларды жаңа жарыстар мен биік белестер күтіп тұрғанын алға тартады. Бұл - спортшылардың тынымсыз еңбегі мен табандылығының нәтижесі. Әр жүлденің артында күнделікті жаттығу, тәртіп және жеңіске деген жігер тұрғаны анық.
Количество показов: 13
Дата создания: 26.08.2026 09:14:34



















