Ақтөбелік пара дзюдошы Аяла Мереке Азия ойындарына қатысуда
5-ші Азия пара ойындары 18-24 қазан аралығында Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатыр. Құрлықтық жарыста Қазақстан құрамасының спортшылары 12 спорт түрінен ел намысын қорғайды. Жарыстың ашылу салтанатында еліміздің көк байрағын алып шығу құрметіне ақтөбелік пара дзюдошы Аяла Мереке мен қарағандылық пара жеңіл атлет Дастан Мұқашбеков ие болды. Аяла Мереке пара дзюдодан әлем чемпионаттарының бірнеше дүркін жүлдегері. Ал Дастан Мұқашбеков Парижде өткен 2024 жылғы паралимпиада ойындарының қола жүлдегері әрі әлем чемпионы. Азия ойындарында Ақтөбе облысынан алты спортшы бес спорт түрі бойынша сынға түсуде. Олар халықаралық тартыста ел намысын қорғайды, жүлдеден үмітті. 5-ші Азия пара ойындары 24 қазанға дейін жалғасады. Қазақстан құрамасының нәтижелері жарыс қорытындысы бойынша белгілі болады. Ақтөбелік спортшылар тартыс алаңына алдағы күндері шыға бастайды. Спортшылар бүгін, ертең тыңғылықты дайындық үстінде.Количество показов: 27
Дата создания: 20.10.2026 09:25:41



















