Ақтөбелік оқушы қыздар робототехникадан үздік атанды
Білім-инновация лицейінің қыздары тапқырлығымен көзге түсіп ерекшеленді. 6 қыздан құралған топ Астана қаласында өткен Alem Tech Fest 2026 халықаралық жарысында өткен сайыста топ жарды. Команда туралы айтар болсақ, 1,5 жыл бұрын лицейдегі робототехника үйірмесіне қатысқан оқушылардың бастамасымен құрылып, бүгінде тәжірибесі мол, ауызбіршілігі нық командаға айналды. Команда FIRST робототехника бағдарламасы бағытында инновациялық жобалар жасап, жарыстарға дайындалады. Қыздар өз жолдарын Atyrau First Off Season өңірлік жарысынан бастағандарын айтады. Жарыста олар жоғары нәтиже көрсетіп, Дубай қаласына жолдама алды. Алайда Таяу Шығыстағы жағдай салдарынан халықаралық жарысқа қатысу мүмкін болмады. Қазіргі уақытта команда бірнеше аймақтық және халықаралық марапаттарға ие. Команда қыздары өздерінің сапардағы жетістіктерімен, жасайтын жұмыстарымен бөлісті. Астана қаласында өткен халықаралық жарыс - Орталық Азиядағы ең ірі робототехника және STEM-технологиялар фестивалі. Оған Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан, Эстония, Вьетнам және Гонконгтан 5 мыңнан астам оқушы қатысты. Нәтижесінде қыздар командасы Қытайдың Пекин қаласында тамыз айында өтетін жарысқа жолдама алды. Қыздарымыздың жеңісі - тек марапат емес, бұл еңбектің, ізденістің, командалық бірліктің және ғылымға деген сүйіспеншіліктің жемісі,- деп атап өтті команда жетекшілері.Количество показов: 10
Дата создания: 03.04.2026 07:52:15



















