Ақтөбелік бір сәтте миллионер атанды
Сәттілікке сеніп, үміт үзбеу - 61 жастағы Дәулет Қайырлапиннің ұстанымы. Ақтөбеліктің "Сәтті Жұлдыз" ұлттық лотереясына қатысып, билет алып жүргеніне 5 жыл болған. Осы аралықта 300 мың теңгесін жұмсапты. Ұзақ жылғы үміті 19-тамызда ақталды. Таңертең тұрып, алған билетінен қомақты ұтыс шықты. Қарапайым жан санаулы сағатта миллионер атанды. 36-дан 5 лотереясында 5 санды түгел тапқан. "Сәтті Жұлдыз" ұлттық лотереясының қызметкерлері азаматқа тікелей эфирден соң бірден қоңырау шалып, құттықтапты. Сәттілік серігі болған Дәулет Қайырлапин отбасылы, екі баласы бар. Қомақты қаржының жеңімпазы Дәулет «Сәтті Жұлдыз» лотереясының билеттерін онлайн сатып алған. Компанияның арнайы сауда нүктелерінен де алуға болады. Компания өкілдерінің сөзінше, биыл ірі ұтыстар жылы көрінеді. Себебі, мамыр айында рекордтық ұтыс, 289 млн теңге ойнатылған. "Сәтті Жұлдыз" Ұлттық лотереясының өкілі Любовь Лим "лотереяға қатысып, жеңімпаз атаныңыз" дейді. Себебі сәттілік уақыт таңдамайды. Күтпеген сәтте келеді. Ал, 29-шы тамызда Лото 49-дан 6-да лотереясында тағы бір автокөлік ұтысқа қойылады. Сәттілікке сеніңіз.Количество показов: 9
Дата создания: 23.08.2025 08:36:43