Ақтөбеге оңтүстіктен мотокеруен жетті
Керуен сапында 12 мотоциклші бар. Оның сегізі Шымкенттен, қалғаны жолай қосылған. 7 мың шақырымның үштен бірін өткерген байкерлер жолда көрген қызықтарымен бөлісті. Әкім байкерлерге ақ жол тіледі. Ақтөбенің кітабын, туын сыйлады. Қала әкімі мотоциклшілердің "Экспо-жалауына" қолтаңбасын қалдырды. Байкерлер өз кезегінде Ілияс Испановқа "Экспоның" туын тарту етті. Олар сондай-ақ, ақтөбелік соғыс ардагеріне шипажайға жолдама сыйлаған. Керуен енді Хромтау арқылы Қостанайға жол тартады. Әрі қарай Павлодар, Петропавл, Семей мен Өскеменге барады. 10-маусымға дейін Астанаға жетуі тиіс.
Количество показов: 1539
Дата создания: 02.06.2017 18:17:38