Ақтөбеде жолдар жабылды
Аймақта бірнеше күннен бері ауа райы күрт нашарлап, жел күшейіп тұр. Далалық түгілі қала ішінде қатты соққан желден жүру мүмкін емес. Өңірдегі облыстық әжен республикалық жолдарда көру қашықтығы шектелді. Осыған орай, кешеден бері өңірдегі республикалық маңызы бар жолдар уақытша жабылған болатын. Мамандар 13-қаңтар күні кешкі сағат 7-ден кете «Ресей федерациясы шекарасы - Ақтөбе - Қызылорда - Шымкент - Алматы - Қытай халық республикасы шекарасы» автомобиль жолының 776-965 шақырымында жүк және қоғамдық көлік түрлеріне қозғалыс уақытша жабылғанын хабарлады. Бүгін күндізгі сағат 10-да жолдардағы қозғалыс қайта жанданды. Дегенмен, түске дейін ашылған республиалық жолдар түстен кейін қайт жабылды. Ауа райының қолайсыздығына, қатты боранның соғуына байланысты облыс аумағында автокөлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізілді. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Ақтөбе - Болгарка автожолы да жүк және қоғамдық көліктер үшін жабылған. Есет Аманбаевтың сөзінше, республикалық және облыстық маңызы бар жолдардың барлығында жауапты мекеме бар. Республикалық жолдарға "Қазсервис" мекемесі жауапты. Ал, өңірлік тас жолдар бірнеше мердігердің бақылауында. Полиция жүргізушілерді алыс жолға шықпауға, жол белгілерінің талаптарын және полиция қызметкерлерінің нұсқауларын қатаң сақтауға шақырады. Қажет болған жағдайда, қозғалыс шектеулерін ескере отырып, бағытты алдын ала жоспарлау ұсынылады.Количество показов: 8
Дата создания: 15.01.2026 07:33:29



















