Ақтөбеде жылыту маусымы тұрақты режимде өтті
Аймақта жылыту маусымы тұрақты режимде өтті. Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде жылыту маусымының қорытындысын шығарылды. Алдағы жоспарлар талқыланды. Жылыту маусымына былтыр 10,4 млрд теңге бөлінген. Дені - тозған жылу желілерін ауыстыруға бағытталды. Қаражатқа Қандыағаштағы жылу трассасы қайта жаңартылып, Мұғалжар ауданындағы желілердің тозуын 52-ден 46 процентке дейін төмендеткен. Өңірден Энергетика министрлігіне жалпы құны 4,4 млрд теңгені құрайтын 8 жобаның жылу желілерін қайта жаңартуды республикалық бюджеттен қаржыландыруға өтінім жіберілген. Жылыту маусымының кедергісіз өтуіне аз қаржы жұмсалмады. Аймақ басшысы модерниязация арқылы тағы ақша бөлінетіндігін жеткізді. Жылыту маусымына қосымша инвестициялық бағдарламалар арқылы да қаржы бөлінді. «Ақтөбе жылу электр орталығы», «Aqtobe su-energy group», «Энергожүйе» секілді коммуналдық кәсіпорындар жылу энергетикасы нысандарын жөндеуге 9,5 млрд теңге бөлді. Қазір коммуналдық қызметтер жаңа жылыту маусымына дайындалып жатыр. Өңір басшысы алдағы жылыту маусымына жауапты қызметтерге дайындықты жандандыруды тапсырды. Әсіресе жылу желілерінің тозу деңгейі жоғары елді мекендерге ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті.Количество показов: 27
Дата создания: 28.05.2025 11:32:09