Ақтөбеде жол апатынан 4 адам мерт болды
Түтеген боранның салдыранан аймақта бүгін екі жол-көлік оқиғасы тіркелді. Алғашқысы Ақтөбе-Орск тасжолында болған. Қарғалы ауданы Қосестек ауылында жеңіл және жүк көлігі соқтығысты. Нәтижесінде жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. Ал, Ақтөбе-Астрахань автожолының Ақкемер ауылының маңында 10 көлік соқтығысқан. Ірі жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам түрлі жарақаттармен медициналық мекемеге жеткізілді. "Қазіргі уақытта оқиға орнында тергеу-жедел тобы жұмыс істеуде, болған жағдайдың барлық мән-жайы анықталуда" деп мәлімдеді облыстық полиция департаменті. Полиция жол қозғалысына қатысушыларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, қауіпсіз жылдамдық пен арақашықтықты таңдауға, әсіресе күрделі ауа райы жағдайларында мұқият болуға шақырады.Количество показов: 8
Дата создания: 11.02.2026 08:54:43



















