Ақтөбеде "Жас құтқарушылар" сыныбы ашылды
"Жас құтқарушылар" сыныбы аймақта бұрын-соңды болмаған. Алғашқы легі №20 мектеп-лицейдің 6-сынып оқушылары. 30-ға жуық бала бүгін жас құтқарушылар қатарына салтанатты түрде қабылданды. Шара "Құтқарушылар" гүлзарында облыстық ТЖД мамандары, құтқарушылар мен білім мекемесінің ұстаздары мен оқушыларының қатысуымен өтті. Алдағы оқу жылынан бастап төтеншеліктер оқушыларға арнайы сабақ береді.Бұған дейін өңірімізде облыстық ПБ жанынан мектептерде "Жас сақшы" сыныптары ашылған болатын. Құтқарушылардың да жасөспірімдерге үйретері мол. Өрт қауіпсіздігін үйрену, қиын жағдайға тап болған жандарды құтқару бала кезден басталуы шарт дейді мамандар. Бұл бастама аудандар мен қаланың бірнеше мектебінде жалғаспақ. Шара барысында өрт сөндірушілер мен құтқарушылар балғындарға құрал-жабдықтарын көрсетті. Балалар әскери техникаларды да тамашалады.
Количество показов: 49
Дата создания: 07.05.2025 05:33:09