Ақтөбеде жасөспірімдер арасында қылмыс өршіп тұр
Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің жауапкершілігі ата-анасының мойнында. Әйтсе де, отбасындағы тәрбиеден аттап, көшенің тәрбиесіне еліктеп бара жатқандар артып келеді. Статистикаға үңілсек жаға ұстатады. Былтырғы жылмен салыстырғанда құқық бұзушылық жасағандар саны бірден 21 пайыз артқан. Қылмыс жасайтын жасөспірімдер аз емес. 3 ай ішінде кәмелетке толмағандармен жасаған 36 қылмыс тіркелген. Есірткі заттарын сақтау, заңсыз суық қару ұстау, тіпті зорлық-зомбылық көрсетіп, оны әлемжеліге жария ететіндер де кенде қалып жатқан жоқ. Былтырдың өзінде есірткі заттарын заңсыз сақтап, сатқаны үшін 6 жасөспірім жауапкершілікке тартылған. Ал, биылғы жылдың бір айында заңсыз қару-жарақ ұстаған 11 жасөспірім ұсталды.Тәрбие-тал бесіктен. Дегенмен, көше заңдарына бағынатын жасөспірімдер бұзақылықтарын тоқтатар емес. Бұл қоғам дерті. Деседе, 21 жасқа толмаған тұлғаға ішімдік сататындар да аз емес. Жасы жетпейтінін біліп тұрса да ішімдік сатқан 300, темекі өнімін сатқан 2 дүкен иесі жауапкершілікке тартылды.Ресми мәліметтерге сүйенсек соңғы кездері оқушылар мен студенттер арасында топтық төбелес, ұрлық, ұрып-соғу фактілері көбейіп кеткен. Сәйкесінше ата-ана заң бойынша жауапкершілікке тартылады. Облыста профилактикалық шаралар күшейтілді. Әйтсе де, жас бұзақыларды тізгіндеу мүмкін болмай тұр.
Количество показов: 66
Дата создания: 07.05.2025 05:30:45