Ақтөбеде «Владимир Дворкович мемориалы - Aktobe Open 2025» халықаралық шахмат фестивалі өтіп жатыр
Өңіріміз зияткерлік спортты дамытуға ерекше көңіл бөлген, әсіресе жастар арасында. Aktobe Open турнирі өңірде 2019 жылдан бері өткізіліп келеді және осы уақытта Орталық Азиядағы ең беделді жарыстардың біріне айналған. Аталмыш турнирге қатысушылар қатарында әлемдік деңгейдегі гроссмейстерлер мен Қазақстанның үздік шахматшылары бар. Aktobe Open - классикалық шахматтан Қазақстан Кубогінің алғашқы кезеңі. Бұдан соң, Өскемен және Алматы облыстарында турнирлер ұйымдастырылмақ. Шешуші кезең қараша айында өтеді деп жоспарланып отыр. Онда маусымның қорытындысы бойынша ең үздік ойыншылар кездесуі тиіс.Количество показов: 7
Дата создания: 24.06.2025 08:42:35