Ақтөбеде үш жасар баладан коронавирус анықталды
Соңғы тәулікте Ақтөбеде 3 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Оның біреуі 3 жасар бала. Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметінше, 46 жастағы әйел жөтеліп, дене қызуы көтеріліп, дәрігер көмегіне жүгінген. Кейін одан ПТР сынама алынып, вирустық инфекция жұқтырғаны анықталды. Бұған дейін оның Ресейге барғаны белгілі болды. «Ал, Шалқар ауданының 28 жастағы тұрғыны өз еркімен сынама тапсырып, одан КВИ анықталды. Сонымен бірге 3 жастағы ақтөбелік те COVID-19 дертінің симптомсыз түріне шалдықты», - деді департаментте. Облыста барлығы 3273 адам ковидке шалдыққан. Олардың 3218-і, яғни, 98,4% жазылып шықты. Қазіргі таңда үй карантинінде 71 адам жатыр.Количество показов: 766
Дата создания: 21.10.2020 17:57:32



















