Ақтөбеде онлайн еріктілер жобасы басталды
Өңірде жастар арасында цифрлық волонтерлікті дамытуға бағытталған жаңа жоба басталды. "Digital volunteer Aqtobe" мектебі екі күнге жалғасады. Жобаға 30-ға жуық белсенді жас қатысуда. Еріктілік мәдениетін насихаттап қана қоймай, цифрлық қауіпсіздік бағытында қоғамға көмек көрсете алатын онлайн волонтерлер қатарын қалыптастыру - басты мақсат. Бағдарлама барысында қатысушылар интернеттегі қауіпсіздік ережелері, кибералаяқтықтан қорғану жолдары, цифрлық сауаттылық негіздері мен онлайн волонтерліктің мүмкіндіктері турлы білім алады. Сонымен қатар, тәжірибелік тренингтер мен топтық жұмыстар ұйымдастырылып, жастардың әлеуметтік бастамаларына қолдау көрсетіледі. Мамандардың айтуынша, бүгінде цифрлық сауаттылық заман талабы. Сондықтан жастардың бұл бағыттағы белсенділігі қоғам үшін маңызды. Жобаға қатысушылар алдағы уақытта тұрғындарға ақпараттық көмек көрсетіп, цифрлық қауіпсіздік бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуге атсалысады. Осындай бастамалар арқылы өңірде волонтерлік қозғалыс қарқын алып жастардаың қоғамдық белсенділгі арта түседі.Количество показов: 10
Дата создания: 20.05.2026 06:24:47



















