Онко-гематологиялық аурулар балалар өлімі арасында екінші орында тұр. Бұл- ел бойынша көрсеткіш. Өңірімізде жыл сайын бұл ауру 30-дан астам баладан анықталады. Бұл туралы бүгін облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев баяндады. Ақтөбеде келесі жылы онко-гематологиялық орталық ашылмақ. Құны 4 млрд.теңгені құрайтын мекеме Ақтөбе медицина орталығы жанынан ашылуы тиіс. Аурудың емі дұрыс қойылған диагностикаға тікелей байланысты. Ақтөбеде 2019-жылдың алғашқы жарты жылдығында "ЧИКАП" орталық ашылмақ. Ол үшін облыстық бюджеттен 5 млрд.теңгеден астам қаржы қарастырылған. Бұл жоба Оңтүстік Кореяның дәрігерлерімен бірге жүзеге асырылмақ. Науқасқа дәл диагноз қойып, аурудың сатысын нақты анықтайтын орталық өңіріміздегі өлім-жітім санын азайтады деген үміт бар.
2018 жыл өңірімізде "Бала жылы" деп жарияланғаны белгілі. Пульмонология, торакльді балалар лор бөлімшесі мен балалар жақ-бет хирургиясы ашылды. Әйтсе де, балалар арасында өлім-жітім аз емес. Бүгінгі жиын барысында тілшілер облыстың бас дәрігерінен осыдан 1 ай бұрын сабақ үстінде қайтыс болған №38 мектептің 5-сынып оқушысына қатысты сауал жолдады. Марқұмның анасы жедел жәрдемді 18 рет шақырып, келтіре алмағанын айтып, дәрігерлерге ренжіген болатын. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қыз баланың жүрегі кенеттен тоқтағанын айтып, бұл сирек кездесетін жағдай деп түсіндірді.
Количество показов: 1429
Дата создания: 14.05.2018 18:36:58
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>