Ақтөбеде мопед тізгіндеген жасөспірім жол апатына ұшырады
Мопедтерге қатысты заң күшейді. Сәуір айынан бастап енгізілген ережеге сай мопед жүргізушілері көлік иелерімен бірдей жауапкершілік арқалайды. Алайда бұл өзгеріс жүгенсіз жүргізушіге тосқауыл бола алмай отыр. Ақтөбеде мопедтің қатысуымен жол апаты орын алды. Қос дөңгелекті транспортта жасөспірім отырған. Баланың көлікті басқаруға тиісті құжаттары да болмай шықты. Мопедтің дымы қалған жоқ. Бала дін аман, бірақ жарақат алып ауруханаға түсті. Кәмелетке толмаған баланың тиісті құжаттары да жоқ болып шықты, көлігі тіркеуден өтпеген. Ол бағдаршамды елемей, Toyota Camry автокөлігімен соқтығысады. Мопедтен қашпақ болған жеңіл көлік бағытын өзгертемін деп ВАЗ автокөліне түйген.Оқиға бойынша тереу амалдары жүріп жатыр. Бұл- жыл басталғалы скутерлердің қатысуымен болған екінші жол апаты. Ақтөбеде мопед, скутер тізгіндеген жүргізушілердің статистикасы сын көтермейді. Жыл басынан бері 3 мопед айдаған үш жасөспірім зардап шеккен. Мұның ар жағында ата-ананың немқұрайлығы жатыр, дейді тұрғындар.Айта кетейік, мопед айдау үшін көлікті тіркеу міндет. Жүргізуші куәлігі болуы шарт. Сақтандыру полисі болуы да талап, сондай-ақ, техникалық байқаудан өткізіп, қорғаныс дулығасын кию шарт.
Количество показов: 30
Дата создания: 15.04.2025 10:01:51