Ақтөбеде "Мерген-Сарбаз 2025" байқауы өтуде
"Мерген-Сарбаз" байқауы жылда ұйымдастырылып жүр. Оған қатысамын деушілердің саны да ұлғайып келеді. Бұл-дәстүрлі шара. Биыл 10 команда бағын сынауда. Әр командада екі ұл, екі қыздан. Барлығы да 9 бен 10-сынып оқушылары.Батырлық қанымызда бар, дейді Аружан Сағыналиева. Қазақтың қос шынары Әлия мен Мәншүктің ізімен келе жатқан арулардың қабілеті зор. Оқушы қыз мергендер сайысына 8-сыныптап бастап қатысып жүр. Ең бастысы-қобалжуға бой алдырмау керек, нысананы дәл көздеп, өзіңе нық сенімді болған абзал,- дейді ару.Ойын шарты бойынша, қатысушы он метр қашықтықтан, нысананы көздеуі тиіс. Одан кейін «Шынтағымен бағанаға немесе тіреуге сүйеніп, тұрып ату» сайысы бар. Пневматикалық мылтық атудың «Тіреусіз, тұрып ату» түрі бойынша да сүрінбеу керек. Ұпай, жарыстың екі түрі бойынша қосылып, командалық және жекелей есепте анықталады. Қатысушылардың барлығы да жеңістен үмітті. Жарыстың мақсаты- өскелең жас ұрпақтың бойына отаншылдық пен ұлттық патриотизмді қалыптастыру. Жарыс жеңімпаздары «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының арнайы дипломдарымен, кубок, медальдарымен марапатталмақ.
Количество показов: 40
Дата создания: 06.05.2025 09:04:47