Ақтөбеде мектеп жәрмеңкесі басталды
Бірер аптадан кейін жаңа оқу жылы басталады. Оқушылардың мектеп формалары сақадай сай болуы тиіс. Десе де, оқушыларға арналған тауарлар- мектеп формасы, кеңсе заттары мен аяқ киімқолжетімді бағада болуы шарт. Тұл талап әсіресе, қоғамдық сауда орындарына тегін сауда жасайтын кәсіпкерлерге қойылып отыр. Ақтөбедегі «Dalida Center» сауда үйінің 3-ші қабатында дәл осындай мектеп жәрмеңкесі басталды. Мұнда жергілікті кәсіпкерлер өз өнімдерін халыққа арзан бағамен ұсынуда.Сауда сөрелерінде – қазақстандық тігін цехтарының формалары бар. Ата-аналар үшін бұл – сапалы әрі тиімді нұсқа. Жәрмеңке тамыз айының соңына дейін жалғасады. Ұйымдастырушылар ата-аналарды уақытылы келіп, тиімді бағамен қажетті заттарын алуға шақырады.Количество показов: 19
Дата создания: 04.08.2025 23:13:14