Қалада мұз сарайы ашылды. Бұл облыс үшін тарихи оқиға. Ақтөбеде мұз айдыны пайда болды. 1,5 жыл бойы салынған нысанның ашылуын тұрғындар түгел күткен еді. Кеше арена салтанатты түрде іске қосылды. Оған арнайы шорт-трекшілер келіп, қатысты. Жалпы ауданы 8500 шаршы метрлік арена 2500 көрерменге арналған. Жоба мемлекеттік жеке серіктестік аясында шетелдік инвесторлардың қатысуымен жүзеге асты. Құрылысқа жұмсалған 3,7 миллиард теңгенің 70 пайызын словакиялық компания бөлген. Қазіргі "Қоныс" спорт сарайының орнында бұрын мұз айдыны болған. Бірақ, шайбалы хоккейден ересектер командасы ешуақытта болған жоқ. Тек балалар мен жасөспірімдер ғана айналысты. Мына мұз айдыны ашылысымен "Ақтөбе" хоккей клубы құрылды. Ақтөбеде шайбалы хоккейден жастар лигасын құру бойынша шешімді Қазақстан хоккей федерациясы қабылдады. Облыс билігі бастама көтерген. Аренада республикалық жастар хоккей лигасының маусымы ашылды. "Ақтөбе" хоккей клубы өз алаңында петропавлдық "Құлагер" командасын қабылдады. Клубтың бас бапкері Юлиус Пензес бұған дейін "Ертіс" командасын жаттықтырған.
Қазақстанның 3 дүркін чемпионы. Мұз айдынында сондай-ақ, мәнерлеп сырғанау, баскетбол, футзал, бокс, үлкен теннис, гимнастика бойынша жарыстар өткізуге, жоғары деңгейде мәдени және корпоративтік шаралар ұйымдастыруға болады.
Количество показов: 1592
Дата создания: 08.10.2018 18:13:15
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>