Ақтөбеде "Конвинсер" құрылғысы сынақтан өтті
Бұл жерде жол апаты болған жоқ. Десе де, қауіпсіздік белдігін тағудың қаншалықты маңызды екенін көруге болады. Жол апаты кезінде жүйіткіп келе жатқан темір тұлпардың тоқтауы қиын. Ал оның ішінде белдіксіз отырған жүргізуші мен жолаушылардың өмірі сол бір қара белдікке байлануы әбден мүмкін. «Конвинсер» деп аталатын арнайы жасақталған құрылғы бұқараға қауіпсіздік белдігін тағудың қаншалықты маңызды екенін көрсетеді.Металл раманың үстіне орнатылған көлік орындығы Отандық өнім. Сырт көзге жай ойыншық сияқты көрінгенімен құрылғы сағатына 5-10 шақырым жылдамдықпен сырғиды. Төменге қарай сырғыған кезде белдік тағудың қаншалықты маңызды екенін жеткізедіғ яғни көліктегі қауіпті қауіпсіз түрде сезінуге мүмкіндік береді. Көлік тізгіндегендер "қауіпсіздік белдігін тағыңыз", дегенді жиі естиді. Десе де, оған мән бермейтіндер көп. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, қауіпсіздік белдігін тағу өлім қаупін 45-50 пайызға дейін, жарақат алу қаупін 60 пайызға дейін азайтады. Темір тұлпардағы жіңішке қара белдік жай ереже емес. Бұл- өміріңізді сақтап қалатын маңызды қағида.Количество показов: 14
Дата создания: 15.07.2025 07:40:11