Ақтөбеде Халық Қаһармандары мен Қазақстан Еңбек Ерлері бас қосты
Ақтөбеде Халық Қаһармандары мен Қазақстан Еңбек Ерлері бас қосты. Ел дамуына үлес қосқан көрнекті азаматтар мен батырлар есімі ұлықталды. Жан-жақтан жиналған жандар алдымен Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың мемориалдық кешеніне гүл шоқтары қойып, батыр рухына тағзым етті. Кейін Өнер орталығында өткен "Халық Қаһармандары мен Қазақстан Еңбек Ерлерінің" IV республикалық конференциясына қатысты.Басты қонақ - ҚР Халық Қаһарманы, қазақстандық әскери қолбасшы, ҚР Қарулы Күштерінің басшысы, генерал-лейтенант, Ауған соғысының ардагері Бақытжан Ертаев. Республикалық конференцияға аймақ басшысы Асхат Шахаров пен оннан астам Қазақстанның еңбек ері қатысты. Арасында жерлесіміз, Ұлттық Нейрохирургия орталығының президенті, ғалым Серік Ақшолақов та бар. Ақтөбе - батырлар мекені. Елдің ерекше құрметіне бөленген азаматтардың өңірімізге жиналуы да кездейсоқ емес. КОБ Ә.Молдағұлованың туғанына 100 жыл толды. ҰОС аймақтан 122 мыңнан астам адам аттанып, 36 мыңнан көбі ерлікпен қаза тапты. 35 жерлесіміз Кеңес Одағының Батыры атанды. Тағы 9-ы Даңқ орденінің кавалері болды. Ел үшін ерең еңбек етіп, өз өмірін, күш-жігерін халықтың игілігіне арнаған тұлғалар көпке үлгі. Олармен кездесуге ішкі істер органдары қызметкерлері, аудандардан ардагерлер арнайы келген. Ерлердің өмірі тек батырлық емес, адамдық, парасаттылық пен шыншылдық. Респубуликалқ конференцияда Ауған соғысының ардагерлері де өз өмірлерінен естеліктер айтты. Соғыс көрген жандар бейбіт заманның тыныштығына тәубе етеді.
Количество показов: 12
Дата создания: 17.05.2025 11:52:43