Ақтөбеде карантиндік талаптар қайта күшеюі мүмкін
Ақтөбеде карантиндік талаптар қайта күшеюі мүмкін. Мәселе қазір қаралып жатыр. Облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігері арнайы қаулыны бүгін әзірлейтін болса, құжат ертең жария етіледі. Соңғы аптада өңірде аурушаңдықтың өсу қарқыны 4 пайызды құраған. Кеше жаңа 33 жағдай тіркелді. 16 адамда індет жасырын түрде өтіп жатыр. Облыста коронавируске шалдыққандар саны 487-ге жетті. Соның 445-де ауру белгілері бар. Инфекция жұқтырғандар арасында коронавирустың асқынған, ауыр түрінен емделіп жатқандар көбейді. Қазір жан сақтау бөлімдерінде 12 адам жатыр. Бесеуі өкпені жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған. Екеуінің жағдайы өте ауыр, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев. Количество показов: 911
Дата создания: 11.06.2020 18:40:33



















