Ақтөбеде күзгі әскерге шақыру науқаны басталды
Ақтөбелік 18 жас азамат үшін бүгін әскери өмірдің жаңа кезеңі басталды. Олар күзгі әскерге шақыру науқанының алғашқы легімен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне аттанды. Жас сарбаздарды шығарып салу рәсімі қорғаныс істері жөніндегі басқарма алаңында өтті. Салтанатты жиынға жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, ардагерлер және әскерге шақырылушылардың ата-аналары мен жақындары қатысты.Күзгі әскерге шақыру науқаны аясында Ақтөбе облысынан 18 бен 27 жас аралығындағы мыңнан астам азамат мерзімді әскери қызметке жіберіледі. Әскери қызмет жастарды тәртіпке, жауапкершілікке және отансүйгіштікке тәрбиелейтін маңызды мектеп. Сонымен қатар сарбаздар әскери борышын өтей жүріп сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарды тегін меңгеріп келеді. Әскерден кейін де жастар үшін бірқатар мүмкіндік қарастырылған. Жастар ҰБТ тапсырмай-ақ жоғары оқу орындарына білім беру гранты бойынша түсу мүмкіндігіне ие бола алады. Айта кетейік күзгі әскерге шақыру науқаны желтоқсан айының соңына дейін жалғасады.
Количество показов: 17
Дата создания: 03.09.2026 09:43:59



















