Ақтөбеде көктемде егілген ағаш қурап кеткен
Бұл-Тұрғын үй қалашығында орналасқан Алақай қуыршақ театырына жақын маңдағы "Би алаңы" аталып кеткен саябақ. Аудан тұрғындарының сүйікті демалыс орындарының бірі. Балалар үшін де мұнда ойын алаңы салынған. Әйтсе де, тұрғындарды жасыл желектің аздығы қынжылтады.Осы көктемде облыстық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен әскери бөлім сарбаздары саябаққа ағаш көшеттерін отырғызған болатын. Тіпті ай сайын суарып тұруға да уәде берген. Бірақ, мына шыбықтардың біраз уақыттан бері суарылмағаны көрініп тұр. Көшеттер құрай бастаған. Облыстық жастар ресурстық орталығының маманы Дастан Құрманбай көктемде саябаққа ағаш отырғызғанымыз рас, деп отыр. Ал оны күтіп баптап, күту қалалық әкімдіктің міндетіне кіреді, деп ақталуда.
Количество показов: 13
Дата создания: 15.07.2025 07:43:15