Ақтөбеде ел эпидемиологтары бас қосты
Бүгін М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінде эпидемиологтар бас қосты.Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция білім ордасындағы эпидемиология кафедрасының құрылғанына 20 жыл толуына орай ұйымдастырылған. Ғалымдардың айтуынша, мұндай ғылыми алаңдар сала мамандарының тәжірибе алмасуына және эпидемиологияның заманауи бағыттарын дамытуға мүмкіндік береді. Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда пленарлық отырыс, жас ғалымдар байқауы, дөңгелек үстел және инфекциялық бақылауға арналған шеберлік сағаттары өтті. Инфекциялық аурулардың алдын алу, эпидемиологиялық қауіпсіздік мәселелері кеңінен талқыланды. Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы мамандарының мәліметінше, инфекцияны жұқтырғандардың дені 20-49 жас аралығында жандар. Ал, Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясы дәрігерлерінің мәліметінше, өңірдегі Шалқар, Ойыл аудандарында жұқпа жұқтыру қаупі жоғары. Дәрігер-бактериолог маманы осының айналысында зерттеу жұмыстарын жүргізумен айналысады. Конференция қатысушылары жаңа ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік әдістерімен бөлісті. Мұндай жиындар эпидемиология саласын дамытып, студенттер мен жас ғалымдарды тартуға, сондай-ақ өңірдегі халықтың денсаулығын қорғауға маңызды үлес қосады.
Количество показов: 7
Дата создания: 31.01.2026 08:39:03



















