Ақтөбеде «Connect campus: табысты кәсіпкерлер тәжірибесі» атты жәрмеңке өтті
Ақтөбеде «Connect campus: табысты кәсіпкерлер тәжірибесі» атты жәрмеңке өтті. Шараға кәсіп бастағысы келетін, кәсіпкерлікке ынтасы бар жастар келді. Жәрмеңке жастар мен тәжірибелі кәсіпкерлер арасында диалог алаңы болды. Мұнда кәсіп иелері өз ісін дұрыс бастау жолдары жөнінде кеңес берді. Жастар мемлекеттік грант арқылы қолға алған өнімдерін жәрмеңкеге қойды. Кәсіп иелерінің бірі - Сәния Ізтілеуова. микрожасыл өсінділерін өсірумен айналысады. Кішкентай өсімдіктер көлеміне байланысты бірнеше күнде өсіп шығады және пайдалы қасиеттерін жоғалтпайды. Бұршақ, қыша, райхан секілді өзге де түрлері көп. Жәрмеңкеге одан бөлек төсек-жабдықтар, ағаштан жасалған бұйымдар, глютенсіз тағамдар мен балаларға арналған ас та көпшілікке ұсынылды. Жастармен кездесі барысында кәсіпкерлер өз оқиғаларымен, тәжірибелерімен бөлісіп, түрлі гранттар мен қысқа мерзімді курстар жөнінде кеңес берді.Количество показов: 12
Дата создания: 23.08.2025 08:32:44