Ақтөбеде биыл қысқа дайындық қарқынды
Қалада 2100 көппәтерлі тұрғын үй бар. Оларға қызмет көрсету мен басқару жұмыстары 14 бірлік пәтер иелері кооперативтерінің міндетіне жатады. Бұдан бөлек қалада 191 бірлік мүлік иелерінің бірлестігі құрылған. 1538 көппәтерлі тұрғын үй «Aqtobe Su-Energy Group» АҚ-ның орталықтандырылған жылу жүйесімен қамтылған. Басқару формаларының, жеке құрылыс салушылардың және «Aqtobe Su-Energy Group» АҚ балансындағы 131 қазандық арқылы көппәтерлі тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз етеді.Көппәтерлі тұрғын үйлерге қызмет көрсететін «Aqtobe Su-Energy Group» АҚ теңгерімінде 28 қазандық, тұрғындардың меншігінде 103 қазандық бар.Ағымдағы жылдың сәуір-мамыр айларында «Ақтөбе қаласы тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мен «Aqtobe Su-Energy Group» АҚ мамандары бірлесіп қала бойынша көппәтерлі тұрғын үйлерді аралап, барлық басқару формаларының төрағаларына хабарламалар берген болатын.
Үйлерді жылумен қамтамасыз ететін жылу қазандықтарын түгендеу жұмыстары алдын ала жүргізілген болатын. Қала әкімдігінде өткен жиналыста осы мәселелер қайта пысықталды.
Бүгінгі күні басқару формаларымен 49 көппәтерлі тұрғын үйдің жылу жүйелеріне ағымдағы жөндеу және 17 үй бойынша күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген екен.Қазір тағы үйлерді жылумен қамтамасыз ететін тұрғындар меншігіндегі 6 үйдің жылу қазандығын жөндеуден өткізу жұмыстары жалғасуда.
Облыстық мәслихаттың сессиясына жалпы құны 843,5 млн. теңгені құрайтын 7 көппәтерлі тұрғын үй бойынша қайта жаңғырту жобаларын қаржыландыру үшін бюджеттік өтінімдер берілді. Қайта жаңғырту жобаларының барлығында үйлердің ортақ жылу жүйесін жөндеуден өткізу жұмыстары қарастырылған.
Количество показов: 21
Дата создания: 15.08.2025 08:12:41