Ақтөбеде биыл 11 бос жер паркке айналады
Қаланың көркін келтіретін жасыл желек және саябақтар. Шаһарымызда халық саны күн санап артып келеді. Ал тұрғындар тынығатын, балалар алаңсыз среундей алатын саябақтар Ақтөбеде қат. Жергілікті билік бұл мәселені шешудің жолын тапты. Әлеуметтік жауапкершілік аясында, енді жеке кәсіпкерлер шағын парктер мен скверлер салатын болды. Бұдан бөлек көшелерді абаттандыру, ағаш отырғызу жұмыстары да атқарылады. Осылайша, жергілікті кәсіпкерлер туған жерге тағзым етпек. Игі бастаманы бірден қолдап кеткен бизнес өкілдері де бар. Солардың бірі Арыстанбек Жұмабаев. Оның туған қаласына тартуы бар. Сәңкібай батыр даңғылының бойында шағын сквер орнатып беремін, деп бекініп отыр. Алдағы уақытта бұл жерде балалар алаңы мен тұрғындар тынығатын мини саябақ салынуы тиіс. Арыстанбек Жұмабаев жоспарын жүзеге асыру үшін 4 ай жеткілікті деп отыр. Ал жұмыстар басталып та кетіпті. Қазір мұнда арнайы техника жолды тегістеуде, қураған ағаштар шығарылмақ. Кәсіпкер жазда жайлы демалыс аймағы, ал қыста мұз айдыны болатын барлық маусымдық саябақ құруға ниетті. Жоба әкімдіктің қолдауымен жүзеге асырылуда және қаламызды дамытуға маңызды үлес болады. Жобаның жалпы құны 140 млн теңге шамасында болады деген жоспар бар.Количество показов: 12
Дата создания: 25.04.2025 11:29:18