Ақтөбеде “Алтын сапа” және “Қазақстанның ең үздік тауары” жобасына өтініш қабылдау жүріп жатыр
Қонкурстағы басты мақсат- отандық өнімді қолдау, әрі қарай дамыту. Қойылатын басты талаптардың бірі- жеке және заңды тұлғалардың отандық өнімнің сапасын арттыруға бағытталған қызметін жандандыру. Қазақстан нарығын жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өнімдермен толықтыруға жағдай жасау.Қатысушылар "Алтын сапа" байқауында кәсіпорындар, ал "Қазақстанның үздік тауары" байқауында отандық өндірісті қолдау үшін іс-шараның маңыздылығын көрсететін тауарлар болады."Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған байқауда сыйлық жыл сайын үш номинацияда үш санатта тағайындалады. Олар "Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын", "Халық тұтынатын тауарларды шығаратын үздік кәсіпорын", "Қызмет көрсету саласындағы үздік кәсіпорын".
Конкурстар компанияларды өз өнімдері мен қызметтерінің сапасын жақсартуға ынталандырып қана қоймай, сонымен қатар жоғары деңгейдегі жетістіктерді көрсету үшін идея ұсынады. Оқыту аралас форматта өтті, Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлеріне онлайн қосылып, кәсіпкерлер өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін
Сыйлық лауреаттарына тиісті дипломмен бірге байқау эмблемасы және 450 айлық есептік көрсеткіш ақшалай сыйақы беріледі. Лауреаттар төрт жыл бойы «Алтын сапа» байқауының эмблемасын жарнамалық мақсатта пайдалану құқығына ие болады,-дейді ұйымдастырушылар.
Количество показов: 28
Дата создания: 24.05.2025 09:47:04