Ақтөбеде Абай оқулары өтті
Үміткерлердің ішінде ұлы ақынның 200-ден астам өлеңін жаттап келген балғындар бар. Бұл-байқаудың облыстық кезеңі. Ең мықты деп танылған 4 балаға республикалық Абай оқуларына жолдама берілмек. Дәстүрлі шараның мақсаты оқушылар арасында Абай Құнанбаев пен Шәкәрім Құдайберді ұлының шығармаларын насихаттау. Жыл сайын өтетін бұл байқау балалардың қабілетіне, дарынына, еңбекқорлығына нағыз сынақ. Қатысушылардың барлығы мықты. Дегенмен, жеңімпаз төртеу. Олар Байғанин ауданынан келген Саят Абудалла мен Гүлназ Талғатқызы, М.Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интеранытының оқушылары Аружан Социал мен Нұрсерік Тәуекеловтер. Енді жеңімпаздар қыркүйек айында өтетін республикалық Абай оқулары байқауында бағын сынайды.
Количество показов: 2234
Дата создания: 03.05.2018 19:29:54