Ақтөбеде "Абай оқулары" байқауы өтті
Халқымыздың ұлы ойшылы, ақын, аудармашы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына арналған шаралар өңірімізде кеңінен өткізілуде. Соның бірі Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы ұйымдастырған "Абай оқулары" байқауы. Жиналғандар қара сөз шеберінің шығармаларынан сыр шертіп, өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Ұлы ойшылдың шығармаларын жастарға кеңірек насихаттауымыз керек, - дейді шараға қатысушылар. Айта кетейік, "Абай оқулары" жыр байқауына 50 дей адам қатысуға ниет білдірген. Шара жастар арасында Абай мұрасын кеңінен насихаттау, рухани құндылықтарды дәріптеу және ұлы ақынның шығармашылығына деген құрметті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Тек тамыз айында ғана емес, жыл он екі ай хакімнің шығармаларын насихаттап жүрміз, дейді кітапханашылар. Байқау аясында ұлы ақынның шығармаларына арналған экспозиция дайындалған.Количество показов: 13
Дата создания: 13.08.2025 09:23:28