Ақтөбеде Абай гүлзарын абаттандыру жұмыстары басталады
Жастар Алтын орда шағын ауданында тұратындар да , қала маңындағы ауыл тұрғындары да Абай гүлзарында жүретінін айтады. Сондықтан, тұрғындар халық көп шоғырланатын саябақтың әдемі болуын қалайды.Абай гүлзарында қазір шалғын шөптерді шабу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің сектор меңгерушісі Айдарбек Жұмабек негізгі жұмыстар мамыр айының соңында басталады деп отыр. Қаланың орталығындағы шағын саябақта көп жылдық гүлдер отырғызылған. Бұл гүлдер енді бой көтеріп келе жатыр. Сондай-ақ биыл демалыс орталығындағы субұрқақ жөндеуден өтетін болады.
Количество показов: 20
Дата создания: 13.05.2025 07:19:47