Ақтөбеде 5G желісінің 31 жаңа базалық станциясы орнатылды
Ақтөбеде 5G желісінің 31 жаңа базалық станциясы және 4G-дің 95 станциясы орнатылды. Енді мобильді интернет жылдамдығы орта есеппен секундына 400-600 мегабитке жететін болады. Тұрақты байланыс тек қала тұрғындары үшін ғана емес, сонымен қатар білім беру, медицина және бизнесті цифрландырудағы жаңа мүмкіндіктерді ашады. Бозой газ қоймасы орналасқан өңірде сапалы байланыс маңызды стратегиялық экономикалық мәнге ие. Облыс тұрғындары мен бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер ашылды. Кселл бүкіл ел бойынша желіні жаңғыртуды жалғастырып, болашақ технологияларын әрбір қазақстандыққа қолжетімді етуде. Жаңа байланыс желісі өңірдің әлеуметтік және экономикалық дамуына серпін беріп, тұрғындарға заманауи цифрлық мүмкіндіктерді пайдалануға жол ашты. Кселл аймақтық инфрақұрылымды дамытуды жалғастырып, болашақ технологияларын тұрғындарға жақындата түспек.Количество показов: 18
Дата создания: 06.09.2025 09:17:55