Ақтөбеде 267 мыңнан астам жас бар
Қазір аймақ жастары жалпы тұрғындардың 28,2 пайызын қамтиды. 14 пен 35 жас аралығындағы жастар саны - 267 724. Былтыр өңірде 20 мыңға жуық жас жұмыспен қамту шараларына тартылып, 15 мыңы тұрақты жұмысқа орналасқан. Одан бөлек, «Жастар тәжірибесі», әлеуметтік жұмыс орындары, қоғамдық жұмыс орындары, бірнеше жобалар арқылы екі қолға бір күрек тапқандар да жетерлік. Былтыр «Заң мен Тәртіп» идеологиясы аясындағы іс-шараларға 50 мыңнан астам азамат қатыстырылып, сондай-ақ полиция есебінде тұрған 300-ге жуық жасқа тәлімгерлер бекітілген. Өңір жастарын жан-жақты қолдау және дамыту жөніндегі 2026 жылға арналған жол картасы бекітілді. Жол карта 11 бағыттан, 91 тармақтан тұрады. Облыста 2023 жылдан бері «Ақтөбе жастары» тұрғын үй бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Соңғы екі жылда 109 жас баспаналы болыпты. Биыл «Ақтөбе жастары» тұрғын үй бағдарламасы аясында кемінде 70 жас отбасын баспанамен қамту көзделген. Биыл аймақта жастардың 9 100-ін тұрақты жұмысқа орналастыру жоспарланған. «Бастау бизнес» жобасы аясында 2 000, тағы 1 000 жасты онлайн оқыту көзделіп отыр дейді Әлімбек Тұралиев. Нәтижесінде жыл ішінде 15 мыңнан астам жас жұмыспен қамтылады.Количество показов: 7
Дата создания: 28.01.2026 09:33:52



















