Ақтөбеде 20 000 нан астам жұмыссыз бар
Жұмыссыздық - бізде ғана емес, көптеген елдерде кездесетін өзекті мәселе. Жұмыс табу біреуге оңай, біреуге қиын. Оқыған мамандығы барлар да, білімі жоқтар да қазір күзетші немесе басқа төмен жалақылы, біліктілікті көп талап етпейтін жұмыстарға орналасуға бейім. Тіпті, қос диплом алып, сандық түбіне салып қойғандар да өзге жұмыс іздеп әлек. Мұның себебі сан алуан. Мамандығың болғаны мен сұраныс пен ұсыныс сәйкес келмеуі мүмкін. Қазір жастар қызметке тәжірибесінің жоқтығынан да кіре алмай жүр. Дегенмен, екі қолға бір күрек табуға болады дейді, ақтөбеліктер. Оқып жүріп те тәжірибе жинауға қазір мүмкіндік көп. Аймақта 20 868 адам жұмыссыз ретінде тіркелген. 7800-і жұмыспен қамтылып, белсенді шараларға бағытталды. 7400-ден көбі жұмыссыз ретінде жәрдемақы алады. Тағы 5309 адам жұмыссыз ретінде тіркеу тұр. Оларға облыстық еңбек мобильдігі орталығының мамандары талаптарына сай табылған жұмыстарды ұсынады. Қазір бағдарламашы, сантехник, мастер, мал дәрігерлері, экономист мамандарына сұраныс бар. Кез- келген азамат 12 ай бойы жұмыс істеп, кейін жұмыссыз қалса, 6 айға дейін мемлекеттен жәрдемақы ала алады.Материалдық қажеттілік те қара жұмыс жасауға мәжбүрлейді. Талабына сай қызмет тапқанша уақытша жұмыс істейтіндер де көп. Кейбір оқу орындары еңбек нарығының талабына сай білім бермейді. Теория көп, тәжірибе аз. Сол себепті түлектердің білімі жұмысқа тікелей жарамсыз болып жатады. Оған қоса, жұмыс іздеу тәсілдерін дұрыс меңгермеу де жұмыссыздыққа әсер етеді. Білікті болсаңыз резюмені дұрыстаңыз. Жұмыс берушімен сұхбаттасуға дайындалыңыз.
Количество показов: 18
Дата создания: 24.05.2025 09:45:09