"Ақтөбе жастары" мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының екінші кезеңі басталмақ
"Ақтөбе жастары" бағдарламасы арқылы жыл соңына дейін 100-ге жуық жас отбасының баспаналы болуына мүмкіндік жасалмақ. Былтырғы жылы «Ақтөбе жастары» жастарға арналған мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының бірінші кезеңіне 600 млн теңге бөлініп 42 жас тұрғын үймен қамтамасыз етілды. Биыл басымдық ауыл жастарына берілмек. Сондай-ақ, баспанасыз әрі тұрақты жұмысы жоқ жастарға да ден қойылады. Бағдарламаның басты мақсаты- өңір жастарын қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етіп, жас отбасыларды қолдау. Жұмыс істейтін жастар үшін тұрғын үйге қолжетімділігі мен жайлылығын арттыру. Бағдарламаға- денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, агроөнеркәсіп, спорт, БАҚ қызметкерлері, "Қазпошта" АҚ, азаматтық қорғаныс,ТЖ қызметкерлері, мемлекеттік қызметкерлері қатыса алады. Сыбайлас жемқорлықты азайту мақсатында жастардан құжаттар eaqtobe. кз Ақтөбе облысының қызметтері порталы арқылы электронды түрде 12-26 тамыз аралығында қабылданады. Ал комиссия отырысы қыркүйек айында өтеді. Республика күні мерекесі қарсаңында ақтөбелік 100 жас буын өкілі қоныс тойын тойлайтын болады.Количество показов: 502
Дата создания: 14.08.2024 06:34:47