Ақтөбе темір жол вокзалының құрылыс жұмыстары қалай жүріп жатыр?
Қаламызда теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. Мамандардың айтуынша өңірдегі теміржол вокзалы кезең-кезеңімен күрделі жөндеуден өтуде. Негізгі нысандарда жұмыстардың басым бөлігі аяқталуға жақын.Вокзалдың орталық ғимараты әлі күнге дейін қоршалған, ал поезды күту үшін жолаушыларға уақытша павильондар жабдықталған. Теміржол вокзалында жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Вокзал басшысының айтуынша, жоба аясында бас ғимараттың екінші қабатынан жолаушылардың екінші жолға өтуіне арналған көпір салынатынады. Сондай-ақ вокзал аумағына 100-ден астам бейнебақылау камерасы орнатылады. Қазіргі таңда желдету, кәріз жүйелерін бөлшектеу, монтаждау мен әрлеу жұмыстары жүргізілуде.Бұдан бұрын теміржол вокзалдарын жаңғырту барысы мен көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелері облыс басшысының төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде қаралды. Ал өңір бойынша бүгінде Шалқар вокзалындағы жұмыстардың 78 пайызы аяқталған. Ақтөбе вокзалындағы дайындық деңгейі 75 пайыз, ал Қандыағаш вокзалында 53 пайыз. Ал жаңғырту жұмыстарына 10,8 млрд тенге бағытталған. Жаңғыртудан өтіп жатқан жеті вокзалдың төртеуі шағын нысан. Жауаптылар аталған нысандардың биылғы 1 тамызға дейін пайдалануға берілетінін айтты. Ал Ақтөбе теміржол вокзалын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған.Количество показов: 15
Дата создания: 20.06.2026 07:55:02



















