Ақтөбе темір жол вокзалы күрделі жөндеуден өтеді
Күрделі жөндеуден өтетін темір жол вокзалының болашақтағы кескіні мүлдем басқа. Қаланың сәулеттік көрінісін ескере отырып, вокзал ,ғимаратының сыртқы келбетін жаңарту жоспарланып отыр. Тоғыз жолдың торабы болып табылатын аймақтағы темір жол воказлы соңғы рет 2013 жылы жөндеу көрген екен.Бүгін басталған жөндеу жұмыстары жыл соңында толық аяқталуы тиіс. Ғимараттың инженерлік желілері алмастырылып, ақпараттық және ескерту жүйелері жаңартылмақ. Перон да қайта жаңартылатын болады. Жолаушыларға еш кедергі болмайды, жұмыс кезең- кезеңмен атқарылады, дейді вокзал басшысы.
Ғимараттың кіре берісі мен күту залдарындағы қолданыстағы ескі пандустардың орнына жаңасы қойылады. Жалпы биыл облыс аумағындағы жеті бірдей темір жол станциясындағы вокзал жөндеуден өтеді деп жоспарланып отыр. Қазақстан темір жол ұлттық компаниясы әр вокзалды күрделі жөндеуден өткізуге қомақты қаржы жұмсамақ. Ақтөбе темір жол вокзалы бойынша екінші және үшінші жолдарға жаяу жүргіншілер өткелін салудың техникалық мүмкіндіктері қарастырылуда.
Количество показов: 22
Дата создания: 16.04.2025 11:59:52