"Ақтөбе - тарының астанасы"
Кезінде ата-бабаларымыздың басынан небір қиын кездер өтіп, жоқшылықты да, аштықты да көрген. Бүгін - қиын қыстау заманда халқына арнап азық нәрін өндіріп, тары еккен диқаншы Шығанақ Берсиевтің өмірден озған күні. "Ақтөбе - тарының астанасы" атты ғылыми конференциясы Ш.Берсиевтің ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен басталды. Тарыдан жасалған өнімдердің көрмесі ұйымдастырылып, аталған конференция өз жалғасын тапты. Конференцияға белгілі ғалымдар, селекционерлер, кәсіпкерлер мен ауыл шаруашылығы мамандары және ұрпақтары қатысты. "Шығанақ атаның тарысын әжемнің сандығынан табылды" деп хабарласқан жан болған екен. Азамат дәнді ауласына егіп, кейін анықтауға тырысқан. Дегенмен Шығанақ Берсиевтің тарысымен түстері сәйкес келмепті. Тары өсірудің әйгілі шебері Ойыл ауданындағы "Құрман" колхозының звено жетекшісі болып қызмет атқарған. Шығанақ Берсиев ең алдымен арам шөптен таза, құнарлы жер таңдап алып, оған қой қиын төккен. Дән сепкішпен әр гектары 20 келіден 5-6 см тереңдікте тұқым сепкен. Топырақты ауыр ағашпен тегістеп, егістікті 4 рет суарып, 2 рет үстеп қоректендірген. Жыл сайын ақ тарының майысып тұрған күлтелерін таңдап, оның ірі дәнін ғана тұқымға іріктеп алды. Нәтижесінде тарының жақсартылған жаңа сортын өсіріпті. Жазушы Мұстафин "Шығанақ" романына Берсиевтің өмірін арқау еткен. Осы еңбегін бағалап, Кеңес үкіметі 1940 жылы Берсиевті Ленин орденімен марапаттады.Количество показов: 39
Дата создания: 29.05.2026 05:54:05



















