Ақтөбе тұрғындары арзанға автоқосалқы бөлшек аламыз деп алданған
Ғаламтор арқылы тұрғындарды алдау азаймай тұр. Алаяқтар түрлі бағытта, түрлі саланы қамтуда. Әсіресе, әлеуметтік желі арқылы арзан тауарлар сататындарға алданғандар көп. Полицияға шағымданған. Олар автоқосалқы бөлшектер, техника, киім-кешек пен альбомдарды нарықтағы бағадан төменге аламыз деп алданыпты. Азаматтар алдын ала төлем жасағаннан кейін сатушылары хабарсыз кетіп, байланыс үзілген. Ақтөбеліктер өз бастарына мұндай іс түспесе де таныс-туыстарының алданғандарын айтады. Әсіресе, автоқосалқы бөлшектерді көзбен көріп, қолмен ұстап алған дұрыс деген пікірде. Кибер полиция қызметкерлерінің мәліметінше, әлеуметтік желі арқылы тапсырыс беріп, алданған деректер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің алаяқтық бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жыл басынан бері 600-ден астам интернет алаяқтық анықталған. Сондай-ақ, әлеуметтік желі парақшалардың беделін, пікірлер мен лицензиялардың бар-жоғын да тексеру қажет. Полицейлер «бәрі арзан» деген ұсыныстарға алданып қалмауды ескертеді. Себебі, бұл - алаяқтардың басты айласы. Ал, интернет-алаяқтардың құрбанына айналған жағдайда 102 нөміріне немесе жақын маңдағы полиция бөлімшесіне дереу хабарласқан жөн..
Количество показов: 12
Дата создания: 07.08.2025 09:59:52