«Ақтөбе Нан» жұмысы қайта жанданды
"Ақтөбе Нан" серіктестігі 20 шілдеден бастап жұмысын қайта жандандырған. Дегенмен "Ақтөбе" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы қарыздың әлі өтелмегенін, мәселенің шешілмегенін айтады. Бүгінде "Ақтөбе-нан" серіктестігі жұмысын қайта жалғастырып, әлеуметтік нан өндіруде. Биыл көктемде өңірдегі ең ірі наубайханалардың бірі - "Ақтөбе-нан" серіктестігі қаржылық қиындықтарға байланысты жұмысын уақытша тоқтатқан болатын. Алайда қазіргі таңда кәсіпорын өндірген нандарын сатылымға шығарған. Әлеуметтік нанның бағасы әзірге өзгеріссіз. Бірінші сұрыпты ұннан пісірілетін әлеуметтік бөлке нан бұрынғыдай 120 теңгеден сатылып жатыр. Ал кәсіпорынның көтерме дүкені түскі уақытта жабық болды. Себебі нандар толықтай сатылып кеткен екен. Соған қарамастан, берешек мәселесі әлі толық шешілмеген. Кәсіпорынның "Ақтөбе" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ алдындағы міндетті келісімшарты бойынша 170 миллион теңге көлеміндегі берешегі негізгі себеп ретінде айтылған еді. Соның салдарынан ұн жеткізу тоқтатылып, әлеуметтік нан өндірісі де уақытша үзілген. Кәсіпорынның қарызы әлі тлықтай өтелген жоқ,- дейді жауаптылар. Қазіргі таңда тараптар арасында мәселені реттеу бойынша келіссөздер жалғасып жатыр, дейді департамент директоры. Қарызды өтеуге қатысты түпкілікті шешім әзірге қабылданбаған.Количество показов: 9
Дата создания: 04.08.2026 07:22:07



















