"Ақтөбе Нан" серіктестігінің 170 миллион теңге қарызы бар
"Ақтөбе Нан" серіктестігінің қарызы 170 миллион теңгеге жеткен. "Ақтөбе" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының мәліметінше, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында нан комбинатына 3 жыл бойы 1-сұрыпты ұн арзандатылған бағада беріліп отырған. Ұн "Рамазан Элеватор" серіктестігі арқылы келісі 120 теңгеден жеткізіліп, әлеуметтік нанның бір бөлкесі 105 теңгеден сатылған. Бұл кәсіпорын үшін тиімсіз, әрине. Дегенмен, корпорация алдағы уақытта мәселенің шешілуі үшін нан өндіруші кәсіпорыннан ұсыныс күтіп отырмыз дейді. Осыған орай, шаһардағы ірі нан комбинаттарының бірі жұмысын тоқтатты. Дегенмен өңірде нан тапшылығы жоқ. Маманның сөзінше, ақтөбеліктердің жылдық нанға қажеттілігі 26 мың 700 тоннаны құрайды. Бұл - тәулігіне 133 мың бөлке нан. Ал "Ақтөбе Нан" кәсіпорыны тәулігіне 6 мың бөлке өндіреді. Тимур Бимановтың айтуынша, қазіргі уақытта бұл көлемді "Атамекен Нан" және "Рамазан Нан" серіктестері қамтамасыз етіп отыр. Егер "Ақтөбе Нан" қызметін тоқтататын болса, 148 адам жұмыссыз қалуы мүмкін. Кәсіпорын жұмысшыларының орташа жалақысы 119 мың теңгені құрайды.Количество показов: 8
Дата создания: 12.03.2026 07:41:42



















