Ақтөбеғ мыс компаниясының сыйы
«Ақтөбе мыс компаниясы» хромтаулықтарды қуантудан жалықпайды. Кәсіпорын Көктөбе ауылының балаларына сый ретінде мұз айдынын жасап берді. Бұл - өндіріс орынының Хромтау ауданының әлеуметтік инфрақұрылымына білдірген қолдауларының бірі. Мұз айдынына оқушылар асығып жетеді. Бос уақыттарын коньки тебуге арнайтындар көбейген. Бұл тек сырғанайтын жер ғана емес, достарымен бас қосатын, белсенді демалатын орта. Конькиге деген қызығушылық Көктөбеде кішкентайынан қалыптасады. 6-сынып оқушысы Адина Нұрланқызы мұз айдынын өз хоббиі санайды. Бұл мұз айдыны 2019 жылдан бері Көктөбе ауылының қысқы өмірінің бір бөлігіне айналған. Ауылдық округ әкімі Арыстанғали Зингиннің айтуынша, корт ауыл балалары мен жастары үшін арнайы жасақталған. Мектеп жанынан құйылған мұз айдынында балалар дене шынықтыру сабақтарында да келеді. Коньки теуіп, хоккей ойнауды осы жерде үйренеді. Бұл - ауыл балаларының спортқа жақын болып өсуіне жасалған нақты мүмкіндік, дейді ауыл әкімі. Ақтөбе мыс компаниясының елді мекенге жасаған қолдаулары жетерлік. Солардың бірі - ауылдан Хромтау бағытына шығатын жол. Тозығы жеткен жолға тас төсеп, тегістеп берген. Тұрғындардың алғысы шексіз. Бүгінде Көктөбе тұрғындары бұл қолдаудың нақты нәтижесін көріп отыр. Ал балалар үшін мұз айдыны - қысқы қуаныштың, спорт пен достықтың мекені.Количество показов: 8
Дата создания: 24.02.2026 06:22:17



















